Ғалымдар жойылған ағашты тірілтті (фото)
Ғалымдар жойылған ағашты тірілтті (фото)
14 күн бұрын 1287 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Iulian Pana / Unsplash

Ботаниктердің, агрономдардың және тарихшылардың халықаралық тобы бүгінгі Израил аумағындағы үңгірден табылған ең ежелгі тұқымнан жойылған ағашты тірілтті. Тура мағынасында. Бұл жайында islam.kz порталы Communications Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, тұқым 1980 жылдары Йаһудей шөліндегі үңгірден табылған және біздің дәуіріміздің 993 және 1202 жылдар аралығына тиесілі. Ғасыр емес, бірнеше дәурді артқа тастаған жасына қарамастан өміршең болып қалған тұқымды отырғызғаннан кейін 14 жыл өткенде Шеба деп аталатын ағаш өсіп-өніп жетілді, биіктігі үш метрге жетті. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу барысында ағаштың өзін, шайырын және жапырақтарын сараптамадан өткізді Олар ағаштың ладан мен мирра сияқты белгілі түрлерді қамтитын Commiphora тұқымдасына жататынын анықтады. Дегенмен, ағаштың әлі гүлдемегендіктен (бүр жармағаннан) оның өсіп-өну ерекшеліктерін зерттеуді қиындататып отыр. Ғылыми зерттеу нәтижесі ағаштың жай ағаш емес, шипалы қасиеті бар ағаш екенін анықтады: адам организіміндегі  қабынуды басатын заттың, яғни,  пентациклді тритерпеноидтың бар екенін көрсетті. Теріні емдеуде қолданылатын антиоксиданттық қасиеттерімен танымал сквален майы да табылды. Ағаштың шайыры Киелі кітапта (Інжілде) бірнеше мәрте айтылған. Ағаш шайыры «цори» дәрілік қосылысы ретінде қызмет етуі мүмкін. Тек аталған аймақта ғана өсетін бұл ағаштың жойылу себептері белгісіз.

Морфологические особенности лечебного дерева «Шиба» в разном возрасте / © Communications Biology (2024)

 

 

0 пікір
Мұрағат