Ғалымдар адам ғұмыры ұзаққа «созылатын» аймақтарды атады
Ғалымдар адам ғұмыры ұзаққа «созылатын» аймақтарды атады
3 жыл бұрын 2316 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әлемнің өзге аймақтарымен салыстырғанда ұзақ ғұмыр сүретін адамдар тұратын аймақтарды атады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан бір айдай мерзім бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Адамның ғұмыр жасы оның өмір сүретін жер климатының ерекшелігіне де байланысты» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-gumyr-jasy-onyn-omir-suretin-jer-klimatynyn-ereksheligine-de-bailanysty-15905/#gsc.tab=0)» материалымызда адамның ғұмыр ұзақтығы оның тұрғылықты жерімен қандай да байланысы барын айтып өткенбіз. Белгиялық астрофизик Мишел Пулен мен италиялық эпидемиолог дәрігер Джанни Пестің бұл тараптағы зерттеу нәтижесінен адам ғұмыры салыстырмалы түрде ұзақ болатын аймақтар белгілі болды. Бұл арада көгілдір аймақтар турасында сөз болып отыр. Аты аталған ғалымдар өз зерттеуінде 2000-шы жылдан бергі деректерге сүйенген. Бүгінде өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші – 100 жас; орташа есеппен адам 73,4 жыл өмір сүреді. Ғалымдар зерттеу барысында бірнеше «көгілдір аймақты» тапқан:

  • Сардиния, Италия – Олиастра, Оллолаи және Сеулодағы Барбаджа аудандары;
  • Жапониядағы Окинава аралы;
  • Коста-Рикадағы Никоя түбегі;
  • Грекиядағы Икария елдімекені;
  • АҚШ-тағы Лома Линда өңірі

Ғалымдар аталған өлкелердегі тұрғындардың ДНҚ үлгілерін алып зерттеп көргенімен өзге адамдардын еш өзгешілігі болмаған. Осыған қарап, адамның өмір сүру ұзақтығы тура мағынасында оның тұрған жеріне байланысты емес деп тұжырған, десе де аталған аймақтар сыртқы әлемнен оқшауланған.

Ұқсас материалдар:

«Адамның ғұмыр жасы оның өмір сүретін жер климатының ерекшелігіне де байланысты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-gumyr-jasy-onyn-omir-suretin-jer-klimatynyn-ereksheligine-de-bailanysty-15905/#gsc.tab=0);

«Өмір сүру ұзақтығы кәріліктің тежелуімен емес, балалар өлім-жітіміне байланысты болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/omir-suru-uzaqtygy-kariliktin-tejeluimen-emes-balalar-olim-jitimine-bailanysty-bolyp-shyqty-15429/#gsc.tab=0);

«Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartudyn-hromosomnyn-ushyn-stimulyatsiyalau-tagy-bir-tasili-tabyldy-14782/#gsc.tab=0);

«Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jylda-adamnyn-gumyry-6-jylga-uzargan-14516/#gsc.tab=0);

"Ғұмырды ұзартуға септігін тигізетін өзгеше фактор табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartuga-septigin-tigizetin-ozgeshe-faktor-tabyldy-12824/#gsc.tab=0);

«Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қанша?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-ortasha-omir-suru-uzaqtygy-qansha-8475/#gsc.tab=0);

«Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-tabigi-omir-suru-uzaqtygy-belgili-boldy-12866/#gsc.tab=0);

«Болашақта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқарады» (https://islam.kz/kk/news/alem/bolashaqta-adamdardyn-omir-suru-uzaqtygy-20-jylga-qysqarady-742/#gsc.tab=0);

«Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerge-qaraganda-uzagyraq-omir-suruinin-syry-belgili-boldy-15325/#gsc.tab=0);

«Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerden-uzaq-gumyr-suruinin-syry-basqada-bolyp-shyqty-13296/#gsc.tab=0);

«Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі» (https://islam.kz/kk/news/alem/aielderge-qaraganda-erler-nege-az-omir-suredi-ddu-zertteui-11685/#gsc.tab=0) 

«Ұзақ өмір сүретін адамның бес белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uzaq-omir-suretin-adamnyn-bes-belgisi-ataldy-13963/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат