|
Енді 40 жылдан кейін Еуропа мұсылмандар құрлығына айналады
|
Кәрі құрлықта қазіргі уақытта қалыптасып отырған демографиялық ахуал өзгермей сақталатын болса, онда енді бір 40 жылдан кейін Еуропа мұсылмандар құрлығына айналады. Яғни, Франция мен өзге де батыс Еуропа елдерінде ақ нәсілді адамдар азшылыққа айналады. Бұл жайында француздың саяси комментаторы, экономист Чарльз Гэйв мәлім етті. Автордың осы тақырыпта жасаған зерттеу нәтижесі өзінің ғылыми сайтында жариялаған екен. Бұл жайында Washington Times ақпарат көзі хабар таратты. Ғалым өзінің статистикасында француз әйелдерінің орта есеппен 1,4 баламен шектелетінін, ал елдегі иммигрант әйелдер орта есеппен 3,4-4 перзент сүйетінін алға тартып отыр. Аталған елдегі мұсылмандар қарасы 10%-ға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді