Британия ханшайымы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұрпағы ма?
Британия ханшайымы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұрпағы ма?
6 жыл бұрын 11234 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Burke's Peerage ассоциациясының генеалогиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес Британия ханшайымы Елизавета Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ұрпағы болып шықты. Ғалымдар анықтағандай, 91 жасқа келген Британия ханшайымы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 43-ші неменесінің неменесі. Бұл жайында  Step Feed ақпарат көзі хабар таратты. «Британ халқына өздерінің ханшайымының бойында Мұхаммедтің (с.а.с.) қаны бар екенін білмейді. Алайда, мұсылмандар мұны мақтан тұтады»,- деп айтылған зерттеу қорытындысында. «Британ ханшайымы Мұхаммедтен (с.а.с.) Испанияның араб билеушісі Севилиден тарайды. Олардың некесі арқылы Пайғамбардың (с.а.с.) қаны Португалия мен Кастилия королдеріне берілген, олар арқылы ағылшын королі Эдуард IV-ге (15-ші ғасыр) берілген». Тарихқа сәл шегініс: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұрпағы Әбу әл қасым Мұхаммед ибн Аббад Севилияның алғашқы мұсылман билеушісі болды әрі 1023-1091 жылдар аралығында билік құрған Аббасидтер әулетін құрды. Әбу әл Қасымның немересі Мұхаммед әл Мұтамид Кордобаны басып алғанымен 1091 жылы тақтан тайдырылды. Оның әулеті биліктен кеткеннен кейін оның қызы Зайда испан королі Альфонс VI-ға ұзатылған болатын. Содан Альфонс пен Зайда ұрпағы ағылшын королі Эуард үшіншінің баласына тұрмыс құрды. Нәтижесінде олардан тараған Елизавета қазіргі уақытта Британия ханшайымы.

0 пікір
Мұрағат