Болашақтың бояуы үй температурасын өзгертеді
Болашақтың бояуы үй температурасын өзгертеді
1 жыл бұрын 1629 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетінің ғалымдары ойлап тапқан бояудың жаңа түрі ғимараттарды жаздың аптап ыстығында салқындатып, қақаған қыста жылы ұстайды. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ғимаратты салқындатуға және жылытуға кететін энергияны үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, энергия өндірісі кезінде қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетеді. Сынақ нәтижесі көрсеткендей, ол жоғары жиілікті, орташа инфрақызыл сәуленің 80%-на дейін көрсетеді. Бұл жайт өз кезегінде боялған заттар мен өзге де бұйымдардың қызу деңгейіне әсер етеді. Қазіргі заманғы эмиссиясы  төмен бояулар әдетте металл күміс немесе сұр болып келеді. Ғалымдар ұсынатын бояулар бірнеше түс опцияларына ие. Олар бөлек қолданылатын екі қабаттан тұрады. Төменгі қабат кішкентай алюминий үлпектерін пайдалану арқылы инфрақызыл сәулені шағылыстырады. Жоғарғы қабат бейорганикалық нанобөлшектерден тұрады және реңктердің кең ауқымына ие. Үйді салқындату үшін сыртқы қабырғалар мен шатырды бояу қажет. Инфрақызыл сәуленің көп бөлігі түсті қабат арқылы өтіп, төменгі қабаттан шағылысып, жарық ретінде қайта оралады. Сондықтан құрылыс материалдары аз қызады, ғимарат ішіндегі температура көтерілмейді. Керісінше, үйді жылыту үшін бояуды ішкі қабырғаларға қолдануға болады - бұл ішкі жағынан жылуды шығармауға көмектеседі. Зерттеушілер ақ, көк, қызыл, сары, жасыл, қызғылт сары, күлгін және қою сұр түстердегі бояуды сынап көрді. Олардың конструкциялары бірдей түсті қарапайым бояуларға қарағанда жоғары орташа инфрақызыл сәулені 10 есе жақсы шағылыстыратын болып шықты. Ғалымдардың айтуынша, боялған затты дымқыл шүберекпен немесе сумен оңай тазалауға болады. Сонымен қатар, бояулардың тиімділігі мен эстетикалық көрінісі жоғары (80 ° C) және төмен температурада (-195 ° C), сондай-ақ, қышқылдығы жоғары және төмен ортада төмендемеген. Десе де ғалымдар мұндай бояуды әлі де жетілдіру керекттігін алға тартып отыр. Мәселен, органикалық ерітіндісін пайдаланғаннан гөрі суды қолданудың жолдарын қарастыру керек, сонда бояу өндірісінің қоршаған ортаға залалы боолмайды әрі арзанға түспек, бұған қоса, мұндай технология болашақта кеңінен саудаға шығаратындай етіп молынан өндіруге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат