|
Бір үлкен құрлық: Жер шары 250 миллион жылдан соң қалай көрінеді (видео)
|
Ғалымдар Жер шары 250 миллион жыл өткеннен кейін қалай көрінеді деген сауалға жауап тапты. Олардың айтуынша, Амазии деп аталатын жаңа құрлық пайда болмақ.
Ғылыми қызметкерлердің тұжырымдамасы бойынша, жаңа мегақұрлық Оңтүстік және Солтүстік Америкадан, сондай-ақ Азиядан құралады. Кариб теңізі мен Солтүстік мұзды мұхит жер бетінен жоғалып, жаңа материктің пайда болуына ұласуы мүмкін.
Сонымен қатар, басқа құрлықтар тынық мұхиттық сақина шеңберінде орналасады. Олар планетаның магниттік аймағын зерттеп, осындай тұжырымға келген. Олардың сөзінше, жер айналмалы тепе-теңдікті қалпына келтіреді, бірақ нәтижесі тек 250 миллион жылдан соң барып ғана көрінбек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді