Бір мектепте 4 жұп егіз шәкірт, 1 жұп егіз ұстаз
Бір мектепте 4 жұп егіз шәкірт, 1 жұп егіз ұстаз
8 жыл бұрын 4186 Baq.kz zhaikpress.kz

БҚО Зеленов ауданы Белес ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасында бүгінгі күні 268 шәкірт білім нәрімен сусындауда. Ал, соның ішінде төрт жұп егіздер бар екен. Жалпы, егіз балалардың дүниеге келуі сирек кездесетін құбылыс. Бір-бірінен айнымайтын, әрі бірдей киімдер киіп алған жандарды көргенде, таңырқай қарайтынымыз рас. Бір партаға жайғасқан Аман, Есен Төлепқалиевтар ағымдағы жылы 11-сыныпты аяқтамақ. Екеуі де болшақта құрылысшы мамандығының жілігін шақсақ деп отырған шәкірттер.

– Айналамыздағы адамдар бізді көргенде, «егізсіздер ме?» деп таңданып сұрап жатады. Бұл сауалға етіміз үйренді,-деп жымиды Аман мен Есен.

Ал,бір-бірінен аумайтын Роберт, Альберт Мұхитовтар 5 «б» сыныптың оқушылары. Бір көргенде оларды бірден ажырату қиын. Сонымен бірге осы сыныпта тағы да егіздер бар. Олар Гүлмира, Эльмира Батырбаевалар. Жәйлі мінездерімен жанды бірден баурап алатын егіздердің бірі-дәрігер, бірі-ұстаз болғанды армандайды. Сондай-ақ, 5 «а» сынып оқушылары – Әсем,Әсет Қырымбаевтар жас та болса да әңгімешіл. Елгезек, пысық екендері бірден көзге шалынады.

-Егіздердің құрметіне білім ошағында байқау ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз,-дейді Белес мектеп-балабақшасының директоры Азамат Майемер. 

Айтпақшы, аталмыш білім ошағында тек оқушылар ғана емес, сонымен қоса Светлана, Надежда есімді егіз ұстаздар да бар екендігін айта кеткен жөн.

0 пікір
Мұрағат