Бір жасар бала қолтелефон зарядтағышынан мерт болды
Бір жасар бала қолтелефон зарядтағышынан мерт болды
8 жыл бұрын 3581 namys.kz

Қолтелефонға тоқ толтыру үшін тоқ көзіне сұғылып тұрған сымның ұшын аузына салған сәби мерт болды. Бұл туралы Қытайдың «тұрмыс 100» әлеуметтік парақшасы хабарлайды.

3

(Суретте шетінеп кеткен баланың анасы)

«Телефонға тоқ толтыру әдеттегі іс, алайда, мына оқиғадан кейін оған салақ қарауға болмайтынын түсінесіз» деп жазады аталмыш парақша.

Үйде ойнап отырған бала тоқ көзіне сұғулы қалған сымның ұшын аузына салған. Нәтижеде дыбысы шығып үлгерместен жан тапсырған. Бұл хабарды Қытайдың бүкіл әлеуметтік желісі таратып, әркім өз парақшаларында бөліскен. «Бұл – ата-аналарға ескертпе! Сондықтан әр-біріміз өз мүмкіндігімізше таратуға міндеттіміз» – деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Жаң ми. 

Иә, мұндай абайсыздық, тіпті немқұрайлылық бізде де көп кездеседі. Құдай сақтасын, тоқ жинап тұрған телефонды аламыз да зарядтағыш сымы сол беті орнында қалады. Ал оны еңбектеп жүрген бала аузына салса мынадай жағдай туылмасына кім кепіл?! Сондықтан телефонды алғанда сымды тоқ көзінен бірге ажыратуды әдетке айналдырайық. Тіпті бала телефонды өзі алып тастап, сымымен ойнауы да мүмкін. Телефон ес кірмеген баланың қолы жетпес биік жерде зарядталса тіпті жақсы.

0 пікір
Мұрағат