|
Әлемдегі ең ірі жасанды өзен Сахара шөлінде 4000 шақырымға дейін созылып жатыр (видео)
|
Әлемдегі ең ірі шөлде - Сахара құмында құбырлар мен сорғылардан тұратын аса ауқымды инженерлік жобасы қолға алынған - жаһандағы ең үлкен алқаптарды суару жүйесі салынып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Startlap ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үлкен жасанды өзен шөл даланы кесіп өтіп, Либияның солтүстік жағалауына ұзындығы 4000 шақырымнан асатын құбырлар желісі арқылы су айдайды. Бұл жоба 1980 жылдары жария етілгенімен құрғақшылық жайлаған жерлерді құнарлы плантацияларға айналдыруды көздеген болатын. Өзгеше жүйе 40 мың жылдан бері құм астында жиналып келе жатқан «қазба су» негізінде жұмыс істейді. Құбыр желісі тәулігіне 6,5 миллион текше метрге дейін су айдай алады, яғни, мұншалықты мөлшердегі су мыңдаған олимпиадалық бассейндерді толтыруға жетеді. Бұл нысанның құрылысы жиырма жылдан астам уақытқа созылып, 25 миллиард доллардан асты. Бұл жүйенің бірегейлігі - ол гравитациямен ішінара жұмыс істейді және энергияны айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда, әлемнің «сегізінші ғажайыбы» атануы тиіс жобаның болашағы ресурстың жаңартылмауынан күмән туғызып отыр. Қазiргi өндiру қарқынымен су қоры 60-100 жыл сақталуы мүмкiн. Ары кеткенде.