Әлем хрономистері қосымша (үйлестіру) уақытқа салынған тыйымды белгілі бір мерзімге дейін алып тастауға дауыс берді
|
Секіріс (қосымша) секундтар адамдардың көпшілігіне байқалмай өтсе де олар дәл, үздіксіз уақыт ағынын қажет ететін бірқатар жүйелерде (мәселен, жасанды жер серігінің навигациясында, программалық бағдарламалауда, телекоммуникацияда, т.б.) ақау тудыруы мүмкін. Францияда өткен конференцияға жиналған ғалымдар мен сарапшылар 2035 жылға дейін секіріс секундтарын жоюға дауыс берді. Бұл жайында islam.kz порталы PortalTele ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кібісе жылдар сияқты (Кібісе жылы — төрт жыл сайын бір айналып келетін, басқа жылдарда 365 күн болса, бұнда 366 күн бар жыл – Уикипедия электронды энциклопедиядан) дәл атомдық уақыт пен Жердің баяу айналуы арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін соңғы жарты ғасырда сағат жүйесіне кібісе секундтар мезгіл-мезгіл қосылатын болып жүр. Уақытта дәл анықтау немесе үйлестіру мәселесі айналып келгенде дүние жүзіндегі өз сағаттарын белгілейтін, келісілген халықаралық стандартқа (UTC) жауап беретін «International des Poids and Mesures Bureau International des Poids and Mesures» (BIPM) үшін бас ауруын тудыратын мәселеге айналған. 2035 жылға қарай секіріс секундтарын қосуды тоқтату туралы қарарды BIPM ұйымына мүше 59 мемлекет қолдаған болатын. Аталмыш бюроның сол кездегі уақыт бөлімінің басшысы Патрисия Тавелла бұл «қазіргі уақытта тұрақты емес секіріс секундтарынан туындаған үзіліссіз секундтардың үздіксіз ағынына» мүмкіндік беретін тарихи шешім екенін мәлімдеген еді.
Ұқсас материалдар:
«Ең қысқа уақыт бірлігі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/en-qysqa-uaqyt-birligi-belgili-boldy-14285/#gsc.tab=0);
«Ғалымдар минутты 60 секундпен есептемей, 59 секундтқа қысқартуды ұсынып отыр...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-minutty-60-sekundpen-eseptemei-59-sekundtqa-qysqartudy-usynyp-otyr-14650/#gsc.tab=0);
«Уақыттың бір жұмбағының шешімі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uaqyttyn-bir-jumbagynyn-sheshimi-tabyldy-15796/#gsc.tab=0);
«Ғалымдар Ақырзаманның бір белгісі орын алғанын растады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-aqyrzamannyn-bir-belgisi-oryn-alganyn-rastady-15737/#gsc.tab=0)