|
2032 жылы айда қонақ үй ашылады
|
2032 жылы Айда алғашқы қонақ үй ашылады, деп хабарлады 24.kz
Бұл туралы Америкалық GRU Space компаниясы мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары 2029 жылға жоспарланған.
Жоба авторларының айтуы бойынша қонақ үй тұрғызуға қажетті материалдар Жерден тасымалданбайды. Кірпіш роботтандырылған жүйе көмегімен, Айда бар заттардан жасалады. Ал компания саяхатшылар үшін сапар құнын - бір адамға шамамен 416 мың доллар деп бекіткен. Демалыс орнына жету үшін 384 мың шақырым жол жүреді. Ұшу уақыты орташа есеппен 3 тәулікті құрайды. Стартап иелері туристерді Айға SpaceX немесе Blue Origin компаниялары жеткізетінін айтады. Мамандар Айда жол мен инфрақұрылымдар салуға да ниетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді