Зиянды қалдықтармен сауда жүйесі – күмәнді жоба...
|
Қытай билігі зиянды қалдықтарға квота саудасы жүйесін іске қосатынын жариялады. Сарапшылар қытай билігінің бұл қадамын онсыз да күйі қашқан қоршаған ортаны одан ары ластануына ықпал етіп, жаһандық жылынуды өршітетінін алға тартып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Emissions Trading Scheme (ETS) ластаушы заттарды жалпыұлттық есепке алу жүйесі Шанхай қаласындағы экологиялық және энергетикалық биржада (Shanghai Environment and Energy Exchange (SEEE) жұмысын бастап та кетті. Аталмыш бастама алдымен елдегі парникті газдың шамамен жартысын бөліп отырған энергетика секторындағы екі мыңнан аса ұйымды қамтитын болады. Билік әрбір электр стансасына жылына көміртек газын белгілі бір мөлшерде бөлуіне рұқсат етпек. Егер компания билік белгілеп берген мөлшерден кем көміртек газын бөлсе, атмосфераны ластауға берілген құқығын (немесе квотасын) өзге компанияларға сата алады. Ал билік белгілеп берген квотадан асыра көміртек газын бөлгендер бұл квотаны сатып алуға мәжбүр болады. Қытайдың экология және қоршаған орта министрінің орынбасары Шжау Инминианың айтуынша, зиянды қалдықтарды бөлуші кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін осылайша «оятуға» болады. Бұл жүйе аталған елдің бірқатар провинцияларында сынақтан өтіп жатыр. Лауазымды қызметкердің айтуынша, CO2 тоннасы әзірге 6,18 долларға бағаланып отыр. Ал Қытай билігінің бұл бастамасына күмәнмен қараған сарапшылардың айтуынша, зиянды қалдық квотасының сауда жүйесі кері әсерін беруі мүмкін.