|
ЮНИСЕФ: Әлемде бала өлімі көбейді
|
Оған себеп дертпен күрес шаралары бәсеңдеген, деп хабарлады 24.kz
ЮНИСЕФ бұл жайтқа бей-жай қарамауға шақырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, 2024 жылы 5 жасқа толмаған 4,9 миллион бүлдіршін көз жұмған. Оның 2,3 миллионы - шақалақ. Мамандар: «Сапалы медицинаның көмегімен балаларды өлімнен арашалап қалуға болар еді», - дейді. Алайда, қаражат едәуір қысқарғандықтан, жағдай ушыққан. Әсіресе, Африка құрлығында, сондай-ақ, Оңтүстік Азияда тіркелген бала өлімі көп. Олардың дені уақытылы ем қабылдамаған, аш-құрсақ жүрген. Соның салдарынан балалар арасында белгісіз аурулар көбейген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті