ЮНЕСКО ауызашарды (ифтар) материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қосты
ЮНЕСКО ауызашарды (ифтар) материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қосты
9 ай бұрын 1364 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: Fevziie

Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемнің әр түкпіріндегі тарихи жәдігерлер мен әр халықтың өзіне тән, қайталанбайтын әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін түгендейтін Білім беру, ғылым және мәдениет (UNESCO) мәселеріне жауапты басқармасы қасиетті Рамазан айы кезінде маңызы зор ауызашарды (ифтар) материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауызашарды мәдени құндылық деп тану туралы өтінішті бірқатар мұсылман елі берген екен: Иран, Түркия, Өзбекстан және Әзірбайжан. Ауызашар негізінде мәдени тұрғыдан гөрі діни аспектісі жоғары жоралғы болғанымен адамзаттың бестен бір бөлігінің (мұсылмандар) игілігіне айнылған. Ауызашар – әлеуметтік байланысты тереңдетіп, ынтымаққа бастайды, қайырымдылыққа үндейді. «Қауымдастықтарда бұл көбінесе жиындар немесе ас беру, отбасылық және қауымдастық байланыстарын нығайту және қайырымдылықты, ынтымақтастықты және әлеуметтік алмасуды ынталандыру түрінде өтеді. Ифтарға байланысты рәсімдер мен әдет-ғұрыптарды Рамазан айында ораза ұстамайтын адамдар да жасайды (яғни, ауыз аштыратындар турасыгда сөз болып отыр бұл арада – ред.)», - делінген ЮНЕСКО хабарламасында. Бұған қоса, аз қамтылғандарға, яғни, тұрмысы төмен адамдарға мейірімділік пен жанашырлық таныту мақсатында ауызашарға мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен қайырымдылық қорлары, сондай-ақ, теледидар, радио, баспасөз және әлеуметтік желілер арқылы жиі қолдау көрсетілетіні атап өтілді.

0 пікір
Мұрағат