|
Үндістанда бес жасар қызды тұрмысқа берді (ВИДЕО)
|
Индуистік фестивальда ата-аналары бес жасар қыздарын он бір жастағы балаға тұрмысқа шығуға мәжбүрледі. Куәгерлер үйлену тойын видеоға түсіріп, желіге салған. Роликте үндістандық Раджастан штатында кішкентай балалардың неке қию рәсімі көрсетілген. БАҚ хабарлағандай, заңсыз индуистік рәсімде Үндістанда белгіленген некеге отыру жасынан (әйелдер 18 жас, ерлер 21 жас) кіші балалар арасында 12-ге жуық үйлену тойын ұйымдастырған. Үндістанның ауылдық жерлерінде балаларды үйлендіру қалыпты жағдай саналады. Ата-аналары ерте үйлену неке үшін қолайлы деп есептейді. Полицейлер фестивальдан кейін балаларын үйленуге мәжбүрлеген отбасыларға қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғады. Олардың барлығы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүргені хабарланады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді