Ұмра қажылығынан түскен табыс 12 млрд $ құрады
Ұмра қажылығынан түскен табыс 12 млрд $ құрады
8 жыл бұрын 2287 ummet.kz Marwa.ru

Сауд Арабиясы жыл ішінде 6,4 миллион қажыны қабылдап, 12 млрд $ табысқа кенелді. Бұл жайында корольдіктің туризм жөніндегі ұлттық комитет мүшесі Абдул Гани Хаммад әл-Ансари мәлім етті.

Оның айтуынша, әр қажы орта есеппен  1874 $ қаражат жұмсаса, оның 35%-ы баспанаға, 25%- ы көлікке, 15%-ы тамақтануға және сый-сияпаттал алуға 15%-ы кетеді.

Бұл шығындар Мекке мен Мәдинадағы мейманханалар мен су, электр қуаты, базар мен наубайхана секілді 30-ға жуық кәсіпорындарға жұмсалады.

Әл-Ансари, сондай-ақ, қасиетті қос шаһардағы бес жұлдызды мейманханаға тұрақтау құны қажыларға әр тәулікке  133$-дан  533$-ға дейін бағаланатынын да атап айтты.

0 пікір
Мұрағат