Ұлыбритания криптовалютаны заңдастырады
Ұлыбритания криптовалютаны заңдастырады
3 жыл бұрын 1958 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dado Ruvic / Reuters

Криптовалютаны әлем елдері әрқалай қабылдап жатыр. Мәселен, Гондурас, Сальвадор, санкция астында қалған Иран секілді елдер криптовалютаны қаржы тапшылығы мен экономикалық дағдарыстан алып шығатын құрал ретінде пайдалануға тырысса, кей елдер, мәселен, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елдер, мысалы, АҚШ, Қытай секілді державалар электронды ақшаның тиімді және ұтымды жақтарын, артықшылықтарын (аұша аударымдары, транзаксация, т.б.) барынша оңтайлы пайдаланудың жолдарын қарастыруда., соның ішінде цифрлы доллар мен цифрлы юан жобасын қолға алып жатыр. Бұл туралы кезінде жазғанбыз (қараңыз: "Цифррлы доллар криптовалютаның бәсекелесі ретінде" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsifrrly-dollar-kriptovalyutanyn-basekelesi-retinde-16541/#gsc.tab=0); "Криптовалютамен жасалған кез келген операция заңсыз деп танылды, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады" (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyutamen-jasalgan-kez-kelgen-operatsiya-zansyz-dep-tanyldy-qylmystyq-jauapkershilik-qarastyrylady-16540/#gsc.tab=0). Ал әлем қаржысының орталығына айналған Ұлыбританияның (түбі шикі, яғни, заңсыз жолмен табылған ақшаның төркінін қазбаламай экономикасын дамытуға тиімді пайдаланып отырған елдердің бірі. Бұл арада ең алдымен ұлттық мүддесін қорғайды. Ақша кімнің қолында болса, билік соның қолында дейтін, кезінде мына жағында таң атып жатса, екінші қиырында кеш бататын алып империя құрған елді, тіпті, 2015 жылдары Transparency International халыралық ұйымы «ақша жымқырудың әлемдік орталығы» деп баға берген болатын) криптовалютаның мүмкіндіктерін игеруі бір жағынан, «заңдылық» болып көрінеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде британ үкіметінің сайтына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Тұманды Альбион елі стейблкоинді (нақты активтерге – ақшаға немесе құнды қағаздарға байланған криптовалюта) толыққанды төлем құралы ретінде тануды көздеп отыр. Осы мақсатта көп ұзамай бірқатар дайындық шараларын жүзеге асыратын болады. «Тұрақты токенді заңдастыру – «ғаламдық криптоактивтің технологиялық орталығына» айналдыруда жолындағы алғашқы қадам», деп айтылған хабарламада. Бұдан бөлек, «Тиісті реттеу шаралары арқылы стейблкоиндар әлдеқайда тиімді төлем құралына айналып, тұтынушылардың таңдау еркіндігін кеңейтеді (...) Аталмыш технологияның әлеуетін мойындай отырып және оны қазірден реттеуге кірісе отырып, үкімет қаржылық тұрақтылықты және жоғары реттеуші стандарттарды қамтамасыз ете алады, осылайша бұл жаңа технологиялар сайып келгенде сенімді және қауіпсіз болады», деп баяндалған битан министрлер кабинетінің сайтында. Британдық билік компанияларға криптовалюталармен және орталықтандырылмаған қаржымен (DeFi) тәжірибе жасауға және өз бизнесінде инновациялар енгізуге мүмкіндік беретін қаржы нарығы инфрақұрылымының «құмсалғышын» құратынын хабарлады. Британ билігі, сонымен қатар, елдің салық жүйесіне криптовалюталарды кіріктіру нұсқаларын зерделеуге және криптоиндустрияны реттеу бойынша сарапшылармен кеңестер өткізуге уәде берді.

Ұқсас материалдар: 

"Цифррлы доллар криптовалютаның бәсекелесі ретінде" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsifrrly-dollar-kriptovalyutanyn-basekelesi-retinde-16541/#gsc.tab=0);

"Цифрлы валюта енгізілетін әлемдегі алғашқы ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/tsifrly-valyuta-engiziletin-alemdegi-algashqy-el-10986/#gsc.tab=0);

"Криптовалютамен жасалған кез келген операция заңсыз деп танылды, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады" (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyutamen-jasalgan-kez-kelgen-operatsiya-zansyz-dep-tanyldy-qylmystyq-jauapkershilik-qarastyrylady-16540/#gsc.tab=0);

"Қытайда криптовалютаға не үшін тыйым салынды?" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-kriptovalyutaga-ne-ushin-tyiym-salyndy-8795/#gsc.tab=0);

"Ресейде криптовалютаға заңмен тыйым салынды" (https://islam.kz/kk/news/alem/reseide-kriptovalyutaga-zanmen-tyiym-salyndy-13336/#gsc.tab=0);

"Саудия криптовалютаға тыйым салмай, керісінше оның айналымын заңмен реттемек" (https://islam.kz/kk/news/alem/saudiya-kriptovalyutaga-tyiym-salmai-kerisinshe-onyn-ainalymyn-zanmen-rettemek-9666/#gsc.tab=0);

"Тағы бір мұсылман елі криптовалютаға тыйым салды" (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-musylman-eli-kriptovalyutaga-tyiym-saldy-9684/#gsc.tab=0);

"Түркия криптовалютаға дайын ба" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-kriptovalyutaga-daiyn-ba-11087/#gsc.tab=0);

"Осымен үшінші мұсылман елі криптовалютаға тыйым салады" (https://islam.kz/kk/news/alem/osymen-ushinshi-musylman-eli-kriptovalyutaga-tyiym-salady-9277/);

"Иранның криптовалютасы шығарылады" (https://islam.kz/kk/news/alem/irannyn-kriptovalyutasy-shygarylady-11960/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат