Ұжымдық иммунитет індеттің бетін қайтара ала ма
Ұжымдық иммунитет індеттің бетін қайтара ала ма
6 жыл бұрын 3859 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылы әлем бойынша 110 мың адам қызылшадан опат болды. Әсіресе, балалар арасында аталған індеттен баудай түсіп, көктей солғандар қарасы көп. Дер кезінде екпе алмағаннан. Екпеге қарсы наразылық екпе пайда болғаннан бері бар, содан бері әлі толастамай келеді. 1998 жылдан бері бұл қарсылық "жалған медициналық жаңалықтың" кесірінен тіпті өршіп кетті. Бұған The Lancet беделді медициналық мерзімді басылымда жарық көрген Эндрю Уэйкфилд есімді ғалымның мақаласы түрткі болған. Дәлірегі, оның қызылшаға қарсы екпе мен аутизм арасында байланыс бар деп мәлімдемесінен кейін өршіп кетенін айта кету керек. Бұл жағдай өз кезегінде екпе алмаудан болатын, алдын ала сақтанбаудан бірнеше мыңдаған адамның ерте мерт болуына алып келді. Бұдан бөлек, діни себептермен екпеден бас тартып жататындар қарасы көп. Тіпті, дамыған елдердің өзінде ұжымдық имммунитет қалыптаса қоймаған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ұжымдық иммунитет деп елдің көбісі екпе алғанын айтады. Сол арқылы аталмыш індеттің жұғу арқылы таралуына тосқауыл қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда екпе тек жекелеген тұлғалардың денсаулығының кепілі емес, сонымен қатар, әлеуметтік ынтымақтың көрінісі болып табылады. Екпеге қарсы наразылықтың бетін қайтару үшін кей елдер радикалды шараларға баруына тура келгенін де айта кету керек. Мәселен, Австралияда екпе алмаған мектеп жасына дейінгі балаларға жәрдемақы берілмейді. Алайда, мұның өзі екпеге деген елдің көзқарасын өзгерте қоймағанын айта кету керек. 

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат