Тұтас бір тайпа ислам дінін қабылдады (фото)
Тұтас бір тайпа ислам дінін қабылдады (фото)
6 жыл бұрын 5050 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезия аумағындағы орман-тоғайда "Оранг Римба" деп аталатын, ал былайғы жұрттың арасында "жунгли адамдары" аталып кеткен тайпа соқыр наным-сенімінен бас тартып, жаппай хақ жолға түсіп жатыр. Олардың хақ жолға түсуіне өмірлерін жақсы жағына қарай өзгертуге деген талпыныстары мен ұмтылыстары түрткі болған. Бұрын аталған тайпа өкілдері жартылай жалаңаш жүрсе, қазіргі уақытта шариғат талаптарына сай киініп, асыл дінімізді меңгеруге кіріскен. Айта кету керек, осыдан 3 ай бұрын аталған тайпадан 58 отбасы тобымен тілін кәлимаға келтірген еді. Олардың хақ жолға тү.суіне орай сол маңдағы мұсылман жамағаты салтанатты шара ұйымдастырып, оларға киім-кешек, жайнамаз, т.б. тарту еткен болатын. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Жергілікті мұсылмандар жамағатының жетекшісі Рейханның айтуынша, тайпа өкілдері исламға келмей тұрып, бақилық болған бауырларын көмбей, орманға тастап кетіп отырған. Ал тайпа көсемі Мұхаммед Жүсіп (бұрынғы есімі - Югук) ислам дінін қабылдаудың оңай болмағанын тілге тиек етіп, сыр ғып ағытты. Алдымен олао оқу-сызуды игеруге тура келген. Дінді тереңірек білу үшін. 

0 пікір
Мұрағат