|
Түркия өткен жылы сериялдар сатудан 500 млн доллардан аса пайда көрген
|
Түркия киноиндустриясы өткен жылды табысты аяқтады. Дәлірегі, 2024 жылы 500 млн доллардан аса пайда көрген. Бұл жайында islam.kz порталы TRT Haber ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түріктер түсірген сериалдардың көрермендер қарасы 1 млрд адамға жеткен. Түркия өзінің медиаөнімін әлемнің 15-ден аса елге экспорттайды. Түрік сериалдарына Таяу Шығыс аймағы мен Латын Америка құрлығында сұраныс жоғары. Түркия кинематографистері бір жыл ішінде 300-ге тарта сериал экспорттаған екен. Түрік киноиндустриясы мемлекеттің жұмсақ күш саясатын жүргізуде елеулі үлес қосып келеді әрі туристерді тартуға ықпал етуде. Осылайша ел экономикасына жанамалай да пайда әкелуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді