Түріктердің жобасы ресейліктердің түн ұйқысын қашыруда
Түріктердің жобасы ресейліктердің түн ұйқысын қашыруда
4 жыл бұрын 21880 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұрын да жазғанымыздай, Стамбұл каналының қазылуына тек түрік оппозициясы ғана қарсылық білдіріп отырған жоқ, сонымен қатар, Ресей билігі де наразы. Стамбұл каналы қазылса, Ресейдің геосаяси тынысы тарылады. Бұл жайында islam.kz порталының сараптамалық материалынан біле аласыздар. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бұл жобасына түрік оппозициясы (негізінен күрдтердің сойылын соғатын Халықтық республика және халықтық-демократиялық партиялары) каналдың қазуылуынан қоршаған ортаға келетін зиян мен залалды және қыруар қаржыны талап ететінін желеу етіп отыр. Бұдан бөлек, аталмыш жобаның геосаяси стартегиялық мәні мен маңызының зор екенін айта етпекпіз – Түркия мен Ресей қатынасына үлкен соққы жасалады. Сол себепті, ресми Мәскеу Монтре конвенциясын сақтауды Түркия билігінен талап етіп отыр. Икбал Дюрре есімді ресейлік академик әрі саяси сарапшы таяуда осы жобаға қатысты Al Arabiya ақпарат көзіне берген сұхбатында да Босфор, Дарданелла бұғаздарындағы, сондай-ақ, Қара теңіздегі кемелердің өтуін реттейтін халықаралық Монтре конвенциясынан шығуға мүмкіндік беретінін, сол себепті, бұл жобадан қауіптенетінін айтып қалды сөз арасында. Ойын одан тарқатқан ол тарихқа шегініс жасап, теңіз айлақтарының Түркия мен Ресей арасындағы ұзаққа созылған жанжалдарға себеп болып келгенін де алға тартты. Оның айтуынша, Монтре конвенциясының арқасында екі тарап та бір ғасырдай бойы әскери қақтығысқа барған емес. Ресейлік сарапашы ғалымның алаңдайтындай жөні бар – Стамбұл каналы қазылар болса, Түркия Монтре конвенциясын шығады, бұл жайт өз кезегінде Қара теңізде солтүстік саяси-әскери альянстың қарулы теңіз күштеріне жол ашпақ. Монтре конвенциясы 1936 жылы қабылданған. Аталған келісім бойынша Қара теңізбен шекарасы бар елдер Стамбул бұғазынан тегін әрі қалаған уақытында өтеді. Ал өзге елдер 15 күн бұрын хабарлайды әрі Қара теңізге келсе де 21 күннен артық қала алмайды. Қазір Түркия Монтре келісімінен шыққысы келеді. Панама, Суэц каналдары секілді бұғаздан кемелердің өткені үшін ақы алатын, яғни, табыс түсіретін экономикалық жобаға айналдыруды көздейді. Десе де бұл жобаның мынадай қатері барын да айта кепеске болмайды: Монтре келісімі тоқтатылса әрі жаңа келісімге қол қойылмаса, Стамбул бұғазы халықаралық су жолы ретінде есептеліп, Түркияға мүлде ештеңе төленбейді. Сондықтан да Түркия Монтреден шыққысы келгенімен жаңа келісімге өзге елдерді көндіре қоюы екіталай. Артық шығынданбсы үшін. Жылына 40 мың кеме өтетін, бірақ, қауіпсіз өткізу сыйымдылығы 25 мың кеме болатын бұғазды жартылай пайдаланып, өзге елдерді түрлі сылтаумен жаңа каналмен өтуге мәжбүрлеу. Осылайша Стамбұл каналын пайданың көзіне айналдыруды көздеп отыр. Алайда, аталмын каналдың тек экономикалық аспектісінен гөрі стратегиялық маңызына да үңіліп қойған жөн, әсіресе, қазіргідей, Украинамен текетірес кезінде. Оның үстіне, Түркия Монтре конвенциясынан шықса, Грузия мен Украинаның НАТО құрамына ену уақытын тездетіп жіберуі мүмкін – Қара теңіз Ресейді тежеп ұстаудың стратегиялық позициясы ретінде маңызы зор. Бұған айналып келгенде Түркияның өзі де мүдделі болуы тиіс, неге десеңіз, Қырым түбегінің Ресейдің қоластында болғаны Түркияның өзіне қауіпті.

Ұқсас материалдар:

«Екінші Босфор каналы құрылысының жоспары ақыры мақұлданып тынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekinshi-bosfor-kanaly-qurylysynyn-jospary-aqyry-maquldanyp-tyndy-15027/#gsc.tab=0);

"Сүлеймен сұлтан кезінен айтылып келе жатқан жоба жүзеге асырылуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/suleimen-sultan-kezinen-aitylyp-kele-jatqan-joba-juzege-asyryluy-mumkin-10698/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат