|
Түріктер рохиньялық мұсылман босқындарға лагер ашып береді
|
Түркия будда радикалдары тарапынан рохиньялық мұсылмандардың өз атамекенінде отырып, қыспаққа ұшырағанда әлемде алғашқылардың бірі болып, дабыл қаққан елдердің бірі. Енді Түркия билігі Мьянмадағы буддашыл радикалдардың зорлық-зомбылығы мен жәбір-жапасынан көршілес Бангладешке бас сауғалаған рохиньялқ мұсылман босқындарға лагер ашып беруді көздейді. Бұл жайында Anadolu ақпарат көзі хабар таратты. Түріктер ашып беретін лагер 100 мың адамға шақталған. Бұл босқындар лагерін салуға түріктер 50 млн доллар жұмсайды екен. Бұған қоса, осынша қаржыға босқындарды асырайтын, екі дала емханасының жұмыстарын жүргізетін болады. Лагер - уақытша шара. Түркия билігінің түпкі мақсаты рохиньялық мұсылмандардың тезірек отанына оралуына барынша жағдай жасау.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті