|
Тотықұсты ең көп экспорттаған Орта Азия елі
|
Өткен жылдың қорытындасы бойынша Өзбекстан Ресейге тотықұсты экспорттауда алдыңғы орынға шықты. Бұл жайында өзбектердің Podrobno.uz ақпарат көзі және орыстардың "Экспортеры России" ақпарат көздері хабар таратты. Тарқатып айтқанда, Ресейге Өзбекстан аумағынан жалпы құны 22 мың долларға бағаланған 17,08 мың тотықұс жеткізілген. Ресейге тотықұс санаулы мемлекеттерден ғана импортталады: Сурин (42,6%), Гвинея (19,7%), Конго демократиялық республикасы (12,3%) және Сүлеймен аралдары (9,8%). 2016 жылдан бастап, Өзбекстан Ресейді тотықұспен "жарылқайтын" негізгі елге айналды - (40,7%). Сондай-ақ, әлем бойынша тотықұсты ең ірі экспорттайтын елдерді де айта кетейік: Оңтүстік африка республикасы, Бангладеш, Жапония, Оңтүстік Корея.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады