Тек бір себеппен ғана түсік жасатуға рұқсат етілетін заң забылданды
Тек бір себеппен ғана түсік жасатуға рұқсат етілетін заң забылданды
3 жыл бұрын 2607 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Техас штатында жүктіліктің алтыншы аптасынан бастап жасанды жолмен түсік жасатуға тыйым салатын заң қолданысқа енді. Тек бір жағдайда ғана – анасының денсаулығына шұғыл медициналық жәрдем қажет болған жағдайда ғана, оның өзінде дәрігердің растаған жағдайда түсік жасатуға рұқсат етіледі. Ал әлемнің кей елдеріндегідей зорлау фактсінен бала көтеріп қалған жағдайда жүктілікті үзуге рұқсат ететін себеп аталмыш штатта заңсыз саналады әрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Техас штатында мұндай заңның қабылдануына аяғы ауыр әйелдердің жүктіліктің дәл осы кезеңінде түсік жасатуы (85-90%) түрткі болған. Неге осы мерзімде? Өйткені, аяғы ауыр әйел бала көтеріп қалғанын осы мерзімде біліп жатады. Көбіне көбісі мұндай қадамға ойланбай барады өзінің аяғы ауырлап қалғанын білгенде алғашқы психологиялық соққы алған соң. Осылайша Техас штатының билігі осындай қадамға барып отыр. Заң шығарушылар жүктіліктің алтыншы аптасында құрсақтағы эмбрионның алғашқы жүрек қағысы естіле бастайтынын алға тартып отыр. Ал америкалық колледж акушерлері мен гинекологтары мұндай ұғым қалыптастыруға қарсы – бұл мерзімде тек жүрек қалыптаса бастайтынын алға тартып отыр. Техас заңының ерекшелігі сонда - «сотқа шағымданудың жеке азаматтық құқығы» енгізілді, бұл жайт өз кезегінде кез келген адамға заңды сақтамағаны үшін шағыммен сотқа жүгінуіне мүмкіндік береді. Техас штатының тұрғындары теориялық тұрғыдан түсік жасайтын дәрігерден ғана емес, сонымен қатар, емхана персоналынан, священниктен, психологтен, отбасы мүшелерінен зиянның орнын толтыру үшін өтемақы талап ете алады. Аяғы ауыр әйелге жүктілікті үзуге кеңес бергені үшін. Сөз орайында келгенде айта кету керек, АҚШ-та 1973 жылдан бастап федералды деңгейде түсік жасатуға рұқсат етілген. Ал штаттар бұл тараптағы нормативтік актілерін өз беттерінше реттей алады.

Ұқсас материалдар:

«Түсік пен жасанды жолмен ұрықтандыруды жарнамалауға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-pen-jasandy-jolmen-uryqtandyrudy-jarnamalauga-tyiym-salyndy-8506/#gsc.tab=0);

«Түсік жасату заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-jasatu-zandastyryldy-14663/#gsc.tab=0);

«Жасанды жолмен түсік жасатуды заңдастырып жіберді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-jolmen-tusik-jasatudy-zandastyryp-jiberdi-13347/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат