Таяу Шығыстағы стратегиялық күштер балансы өзгерді
Таяу Шығыстағы стратегиялық күштер балансы өзгерді
5 жыл бұрын 3349 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыста жаңа стратегиялық күш балансы пайда болды. Бұл жайында NewsClick  ақпараттық интернет-порталдың негізін қалаушы әрі редакторы Прабир Пуркаяста  Independent Media Institute (IMI) үшін жазған мақаласында мәлім етті. «Хуситтер ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалану арқылы аймақтағы ахуалды өзгерте алды. Осыдан бір апта бұрын жазғанымдай, ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен мобилді зымыран қондырғысы әлсіз күштерге өзінен әлдеқайда күшті, қару-жарағы сақадай сай елдерге орны толмас залал келтіруіне мүмкіндік бермек. Хуситтер мен саудиялықтар, «Хезболла» мен Израил, кең мағынасында екі топтың: Иран – «Хезболла» - йемендік хуситтер мен АҚШ – Израил – Сауд Арабиясы арасында жаңа стратегиялық күштер балансы пайда болды»,- деп мәлімдеді автор. Сарапшының айтуынша, йемендік хуситтер ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалана отырып, Саудияның жұмсақ бұғағына, яғни, осал жеріне (инфрақұрылымына, электр стансаларына, суды тұшшыландыратын қондырғыларына, т.б.)  соққы бере алады. Осылайша жаудың стратегиялық маңызы зор нысандарын істен шығару арқылы мақсатына қол жеткізе алмақ. «Әлбетте, АҚШ Иран мен оның инфрақұрылымын жоя алады. Егер Иран жойылатын болса, АҚШ-тың аймақтағы одақтастарының мұнай инфрақұрылымы да жермен-жексен болмақ. Жаңа стратегиялық баланс осындай болады. АҚШ пен оның солтүстік әскери-саяси альянс құрамындағы одақтастары осыны неғұрлым тез ұқса, аймақта соғұрлым бейбітшілік орнаата аламыз»,- деп ойын одан ары өрбітіпті автор. Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 14-не қараған түні саудиялық Aramco мұнай компаниясының Абкайкедегі және Құрайыштағы мұнай нысандарына шабуыл жасалды. Нәтижесінде Саудияның мұнай өндірісі бірден 50%-ға күрт құлдырады. Яғни, әлемдік ұсыныстың  5%-на жететін  мөлшерге кеміді. Осы тұста саудиялық мұнайдың әлемдік мұнай өндірісіндегі үлесі 12%-ға жететінін ескерсек, бұл әлемдік экономика үшін қанша соққы болғанын елестете беріңіз.Саудия билігі тапшылыққа жол бермейтін мұнай қоры жеткілікті екенін мәлімдесе де, АҚШ-тағы стратегиялық мұнай қоры пайдаланылса да әлемдік мұнай бағасы бірден 20%-ға бір-ақ шарықтап кеткен еді.

0 пікір
Мұрағат