|
Тәліптердің тағы бір ережесі пайда болды
|
Ауған билігіне келгеніне екі жыл өткен тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынады – ред.) мектептің ер мұғалімдеріне сақал қыруға, тіпті, күзеп, түзетуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сөз орайы келгенде Ауғанстанның батысында орын тепкен Герат провинциясында саз аспаптаарының жойылғаны туралы хабар пайда болғанын айта кету керек. Мұны аталған елдің ислам бағдары, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю министрлігінің жергілікті бөлімшесі жүзеге асырған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды