Тәліптер Қытаймен арадағы келісім-шартқа қол қоюға асығар емес
Тәліптер Қытаймен арадағы келісім-шартқа қол қоюға асығар емес
2 жыл бұрын 1213 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым деп танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) Қытай компанияларына елде лития өндіруге әзірге рұқсат бермейтіндерін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Arab Nеws ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың Гошин компаниясы ауған аумағындағы лития кен орнына қомақты қаржы, дәлірегі, 10 млрд доллар қаражат салуға дайын, бұдан бөлек, бұл секторда 120 мың адамды жұмыспен қамтуға да уәде беріп отыр. Ауғанстанның мұнай және өнеркәсіп министрлігінің баспасөз хатшысы бұл тарапта ауған мүддесін ескере отырып, тек Қытаймен ғана келісім-шартқа отырмай, ұсыныс білдірген өзге елдерге де лития өндіруге мүмкіндік берілетінін жоққа шығармады. Сөз реті келгенде айта кету керек, АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің келтірген дерегінше, ауған аумағында жалпы құны 1 трлн долларға бағаланған пайдалы қазба ресурсы бар. Лития ғана емес, сонымен қатар, мұнай, газ, алтын, уран, темір және боксит кеніштері кездеседі.

Ұқсас материалдар:

«Ауған-Қытай факторы: қытай компаниялары ауған жеріне келе бастайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-qytai-faktory-qytai-kompaniyalary-augan-jerine-kele-bastaidy-16087/#gsc.tab=0);

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0; https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0);

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат