Тәліптер Ауғанстанды Қытаймен жалғайтын дәліз жобасын қолға алып жатыр
Тәліптер Ауғанстанды Қытаймен жалғайтын дәліз жобасын қолға алып жатыр
44 минут бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан билігіндегі тәліптер өкілі Қытаймен арадағы құрлықпен байланысты жолға қоятын, екі ел арасындағы экономикалық байланысты жандандыратын Уахан дәлізі құрлысының алғашқы кезеңі аяқталғанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Үeni Safak ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауғанстанның ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту министрі Әбділәтіп Мансұр екі елдің арасын жақындастыратын жобаға қатысты негізгі жұмыстардың аяқталғанын мәлімдеді. Ауған министрінің сөзіне қарағанда, Ауғанстан көрші елдердің барлығымен құрлық арқылы байланысқан. Уахан дәлізі Ауғанстанның солтүстік-шығысында орын тепкен – Қытайдың Шыңжан автономды ауданымен шекаралас  аумақта орналасқан. Ауғанстанның бұл инфрақұрылымдық жобасы аймақтың дамуына ықпал етуі мүмкін. Әсіресе, Қытаймен, Орта Азиямен және Оңтүстік Азиямен арадағы сауда-саттық және көлік байланысын қамтамасыз етуде Ауғанстан стартегиялық өлкеде орналасқан.

0 пікір
Мұрағат