Тағы бір елде фаст-фуд жарнамасына тыйым салынады
Тағы бір елде фаст-фуд жарнамасына тыйым салынады
2 жыл бұрын 1078 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германияның федералды азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында қант пен тұз және май мөлшері жоғары азық-түлік түрлерінің жарнамасына тыйым салуды бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Неміс билігінің мұндай қадамға баруына елде артық салмақтан зардап шегетін балалар қарасының артып келе жатқаны себеп болған. Осыны ескерген аталмыш министрлік семіздікпен күрес іс-шараларының қатарына майлы тағамдарды тұтынуды шектеуді енгізуді көздеп отыр. Бұл бағыттағы әрекетті ең алдымен интернет кеңістігіндегі денсаулыққа зиянды жарнамаларға тыйым салудан бастамақ. Ал теледидарда тек түнгі 23:00-ден 06:00-ге дейін ғана әлгіндей тағамдарды жарнамалауға рұқсат етпек. Сонымен қатар, мектептерден, балабақшалардан, ойын алаңдарынан және балаларға арналған ойын-сауық орындарынан 100 метр радиуста билбордтарда фастфуд пен тәтті тағамдарды сыртқы жарнамалауға тыйым салынады. Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгілеген шегі бойынша дене салмағының индексі (килограммдағы дене салмағының метрдегі квадратына қатынасы) 30-дан жоғары болса семіздік диагнозы қойылатынын айта кету керек. Егер бұл арақатынас 25 пен 30 аралығына түссе, ол артық салмақ болып саналады. Еуропа елдері денсаулық саласына айтарлықтай салмақ түсіріп отырған семіздік проблемасымен күресу үшін балалардың тамақтану мәдениетін өзгертуге күш салып жатыр. Мәселен, Испаниядағы Валенсия мектептерінде қуырылған бәліштік орнына жеміс-жидек береді.

Ұқсас материалдар:

«Фаст-фудты организм инфекциялық ауру секілді қабылдайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/fast-fudty-organizm-infektsiyalyq-auru-sekildi-qabyldaidy-15368/#gsc.tab=0);

«Еуропада фаст-фудқа тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/europada-fast-fudqa-tyiym-salynuy-mumkin-15699/#gsc.tab=0);

«Фастфуд жарнамасына шектеу қойылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/fastfud-jarnamasyna-shekteu-qoiylady-13913/#gsc.tab=0);

«Фастфуд жарнамасындағы қауіпті қитұрқылық» (https://islam.kz/kk/news/arturli/fastfud-jarnamasyndagy-qauipti-qiturqylyq-11361/#gsc.tab=0);

«Фаст-фудқа тыйым салынады» (https://islam.kz/kk/news/alem/fast-fudqa-tyiym-salynady-9304/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат