Табиғи ресурстарды шектен тыс тұтынудағы дамыған елдердің үлесі анықталды
|
Адам шығындаған ресурстардың төрттен бірін әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері тұтынатын болып шықты. Олардағы халық саны адамзаттың тек 15 пайызын құраса да. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet Planetary Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде адамзаттың араны ашылып кеткен – жердің табиғи ресурстар әлеуетінен асып түскен. Өркениеттің биосфераға, климатқа, тіпті геологиясына тигізер әсері ғаламдық мәселеге айналған. Алайда, держвалардың бұл процеске қосқан үлесі бірдей емес. Кейбір қоғам шектеулі ресурсты үнемдеп жұмсауға тура келсе, кейбірі ысырапшылдыққа салынған. Яғни, шектен тыс тұтынуды қамтамасыз ету үшін энергия мен материалды өлшеусіз пайдаланып жатыр. Лондон қаласындағы экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры Джейсон Хикел (Jason Hickel) бастаған ғалымдардың халықаралық тобы бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, 1970-2017 жылдар аралығындағы әлем елдерінің табиғи ресурстарды шығындаудағы үлесін бағалаған екен. Ғалымдардың есебінше, бүгінде адамат табиғаттан алатын әрі тұтынатын түрлі материалдардың мөлшері 90 млрд тоннадан асып кеткен. 1970-2017 жылдар аралығында адамзат шамамен 2,5 трлн тонна ресурсты пайдаланған. Оның 1,1 трлн тоннасы адамзаттың қажетінен тыс өндірілген, дәлірегі, табиғатта орны толмайтын деңгейде осынша мөлшерде артық өндірілген. Өндірілген әрі пайдаланылған табиғи ресурстардың қомақты үлесіне дамыған елдер ие болып шықты – 74 пайыз. Ал осына ресурсты тұтынған елдердегі халық саны адамзаттың қарасына шаққанда 16 пайыздан аспайды. Әлбетте, бұл тізімді АҚШ бастап тұр – 27 пайыз; одан кейінгі орында Еуроодақ тұр – 25 пайыз. Ұлыбритания мен Канаданы және Жапонияны қоспағанда. Ал соңғы жылдар экономикасы қарыштап дамыған әрі халқының саны миллиардтан асатын Қытайға келсек, табиғи ресурстарды тұтынудағы үлесі 15 пайызды құраған. Африка елдері мен Таяу Шығыс, Үндістан және Латын Америкасы, сондай-ақ, оңтүстік-шығыс Азия елдерінің үлесі – 8 пайыздан аспаған. Бұл зерттеу нәтижесі дамыған елдердің қоршаған ортаға орасан зор зардап келтіргенін көрсетіп берді.
Ұқсас материалдар:
«Адам қолынан шыққан (жасаған) материалдар жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің салмағынан асып түседі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-qolynan-shyqqan-jasagan-materialdar-jer-betindegi-barlyq-tirshilik-iesinin-salmagynan-asyp-tusedi-14532/#gsc.tab=0);