Су астына кетіп бара жатқан Индонезия астанасын құтқарудың амалы табылды
|
Индонезия билігі су астына кетіп бара жатқан астананы құтарудың амалын тапқандай болды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жакарта басқа қалалармен салыстырғанда су астына жылдам кетіп бара жатқан мегаполис. Соңғы ширек ғасырда Жакартаның кей бөлігі 4,8 метрге дейін су астына кеткен. Саарапшылар есебінше, мемлекет 2030 жылға дейін бұл тығырықтан шығар жол таппаса, атталған мерзімнен кейін қабылданған кез келген шара Жакартаны құтқара алмайды. Жакартаның су астына кету қатері сумен қамтамасыз етудегі қиындықпен байланысты. Қазіргі уақытта 30 млн-нан аса халқы бар аталмыш қаланың 11 млн тұрғыны су құбырына қол жеткізе алмағандықтан заңсыз жолмен құдық суын пайдалануға мәжбүр. Міне, осы құдықтар топырақты босатып, қаланың су астына кетуіне себеп болуда. Үкімет жылдам әзірленетін кеспе шығаратын Salim Group конгломератының жетекшісі Ентон Сәлімге Жакартаның барлық тұрғындарын ауызсумен тез арада қамтамасыз етуді тапсырды. Сарапшылардың пікірінше, егер тапсырма сәтті орындалса, қаланы құтқаруға мүмкіндік туады, ал Сәлім компаниясы қаланың қтқарудың қарымы ретінде бір миллиард долларға ие болады. Ентон Сәлімнің конгломеранты бұл тарапта PT Air Bersih Jakarta (PT ABJ) компаниясымен келісім-шартқа отырып, қаладағы бес ірі су тазарту қондырғысын басқару және 2048 жылға дейін барлық тазартылған судың жартысын сату құқығына ие болды. Компания, сонымен қатар, он жыл бедерінде жаңа зауыт салып, құбырлар төсейді. Сөз орайы келгенде оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған мемлекет билігінің 2019 жылы Жакартаның су астына кету қатері мен қаланың ауа сапасының сын көтермеуіне байланысты жаңа астана тұрғызу туралы шешім қабылдғанын естеріңізге тағы бір мәрте сала кетпекпіз. Жалпы құны 32 млрд дрлларға бағаланған жаңа астана құрылысы жоспар бойынша 2045 жылы аяқталуы тиіс. Жыл сайын 15 сантиметр шөгетін, халқының саны 30 млн-нан асатын қаланы төніп келе жатқан апаттан құтқару амалын табу үшін Индонезия билігі барлық әдіс-тәсілді қарастырып жатыр.
Ұқсас материалдар:
«Индонезия жаңа астанасының құрылысына тағы бірнеше млрд доллар жұмсайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/indoneziya-jana-astanasynyn-qurylysyna-tagy-birneshe-mlrd-dollar-jumsaityn-boldy-19046/#gsc.tab=0));
«Индонезияның жаңа астанасының атауы белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/indoneziyanyn-jana-astanasynyn-atauy-belgili-boldy-16294/#gsc.tab=0);
«30 жылда аса ірі мұсылман елінің астанасы су астында қалады» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jylda-asa-iri-musylman-elinin-astanasy-su-astynda-qalady-16037/#gsc.tab=0)