Соңғы елу жылда Жер қандай өзгеріске ұшырады
Соңғы елу жылда Жер қандай өзгеріске ұшырады
6 жыл бұрын 4429 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардан, биологиялық әр алуандылық және экологиялық жүйе бойынша қызмет көрсетумен шұғылданатын (IPBES) сарапшылардан 400-ден аса адам соңғы жарты ғасыр ішінде Жердің қандай өзгеріске ұшырағанын анықтау үшін үш жыл қатарынан арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Осы мақсатта 15 мыңдай мемлекетік әрі ғылыми дерек көздерінен алынған мәліметтер жан-жақты талданып, сараптамадан өткізілді. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жануарлардың бір миллионға тарта түрлері мүлдем жойылу алдында тұр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, құрлықты мекен ететін жануарлар түрлерінің 20 пайызына, суда тіршілік ететін амфибияның 40 пайызына жойылу қаупі төніп тұр. Сондай-ақ, сүтқоректілердің 33 пайызы да жойылу қатері астында. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы тұшшы су қорының 75 пайызын тұтынады әрі құрлықтың үштен бірінен көп бөлігін пайдаланады. Бұл арада мынаны ескере кеткен жөн: жердің өнімділігі мен құнарлылығы соңғы жарты ғасыр ішінде 23 пайызға кеміген. Есесіне экология мен қоршаған ортаға зияны көп қалалық елді-мекендер саны екі есеге көбейген. Жыл сайын әлемдік мұхитқа 400 тонна металл мен өнеркәсіптік улы қалдық төгіледі. Бұл өз кезегінде әлемдік мұхитта тіршілік етуге жарамсыз 400 «өлі аймақтың» пайда болуына алып келген. Яғни, 400 «өлі «аймақ»  аумағы 245 мың шаршы шақырымға жеткен. Яғни, Ұлыбритания аумағыннан артық.

0 пікір
Мұрағат