Сионистер енді Мекке мен Мәдинаға көз аларта бастады
Сионистер енді Мекке мен Мәдинаға көз аларта бастады
8 жыл бұрын 5590

Израилдің «Haaretz» деп аталатын мерзімді басылымының веб-сайттарының бірінде арандату сарынындағы «фотошоп» пайда болды. Аталған газетте «Сауд Арабиясы иудей королдігі болған» мағынасында мақала жариялады. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі хабар таратты. Біз сөз етіп отырған мерзімді басылым 2014 жылы француз мамандарының қатысуымен Сауд Арабиясында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесіне сілтеме жасаған. Археологтар елдің солтүстік бөлігінде орналасқан Нажран ауданынан табылған тастағы жазуды зерделеп, христиан және иудей символдарын тапқан-мыс. Осының негізінде Сауд Арабиясының арғы тегін еврейлерге тіреп отыр. Осы мәселеге арналған мақала тақырыбы да арандатушылық сарында айғайлап тұр: «Ислам келмей тұрып, Сауд Арабиясы Иудей мемлекеті болған».

0 пікір
Мұрағат