Шіркеу басшылары ислам қаржысын құбыжық көруде
Шіркеу басшылары ислам қаржысын құбыжық көруде
8 жыл бұрын 2725

Уганданың мұсылман жамағатының жетекшілері ислам қаржысынан қарадай шошып, одан астар іздеген шіркеу басшыларының қараңғылығына күйініп отыр. Түсінікті болу үшін тарқатып айтып көрейік. Осы жылдың бас кезінде елде ислами қаржы саласына жол ашу үшін парламентте ислами сақтандыруға жағдай жасауға мүмкіндік беретін түзету енгізген еді. Алайда, Стэнли Нтагали есімді архиепископ бастаған керітартпа топ аталмыш түзетудің енгізілгеніне наразылық танытып, петиция ұйымдастырған болатын. Олар ел президенті Йовери Мусевериден аталмыш заң жобасын қабылдамауды талап етті. Христиан серкелері өз петицияларында ислами қаржы мекемесі ашылатын болса, бұл әрекет өз кезегінде «елде толықтай шариғат талаптарының енуіне» жол ашатынын мәлімдеді. Онымен қоймай, аталған қаржы мекемесі террористерге қаржылай қолдау көрсетуі мүмкін екенін алға тартқан. Бұл жайында «ansar.ru» ақпарат көзі «Anadolu» агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Көздеріне қос көрінген христиан жетекшілерінің бұл орынсыз талабына ел президенті құлақ аса ма, ол әлі белгісіз. Сөз реті келгенде айта кетейік, бүгінгі таңда, соңғы кезде әлем бойынша тек мұсылман мемлекеттерінде ғана емес, сонымен қатар, ірі қаржы орталықтарына айналған Ұлыбритания, Люксембург, Гонконг секілді мұсылман емес елдерде де ислами қаржы саласы қарқынды өркен жайып келеді.  

0 пікір
Мұрағат