Шартарап: Теңіз дауылын таспаға тартып алмақ болғандарды найзағай соқты (видео)
Шартарап: Теңіз дауылын таспаға тартып алмақ болғандарды найзағай соқты (видео)
8 жыл бұрын 2874 24.kz

Австралияда теңіз дауылын аңдып жүріп, бейнеге түсіретін әуесқойлар бастарын қауіп-қатерге жиі тігеді. Сиднейде табиғаттың тосын мінезіне тап келген қос жігіт осы дауылмен қоса соғатын найзағайдың құрбаны бола жаздады. Абырой болғанда, ол Ник пен Дэниэл тұрған жерден небәрі 1-2 метр жерге соғып, ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, найзағайдың күшті соққысынан жігіттердің құлақтары бітеліп, денелері зарядты сезінген. Ең бастысы, олар жайратып салуы мүмкін болған жасын соққысынан аман қалғандарына қуанды, деп жазады gismeteo.ru.

 

Америкалық сёрфер 12 метрлік толқыннан құлап түсті (видео)

Гавай аралдарының жағалауында өткен сайыс кезінде америкалық сёрфер Том Досланд асау толқынды бағындыруға талпыныс жасады. Бірақ, оның әрекеті сәтсіз аяқталып, спортшы 12 метрлік толқыннан құлады. Бұл сәтті бірнеше мыңдаған халық көріп, бейнекамераға түсіріп алыпты, деп жазады mirfactov.com. Бірге тамашалайық!

0 пікір
Мұрағат