Шартарап: Тайванда 30 сағат бойы қирандылар астында жатқан 6 айлық сәби аман қалды (видео)
Шартарап: Тайванда 30 сағат бойы қирандылар астында жатқан 6 айлық сәби аман қалды (видео)
8 жыл бұрын 2677 24.kz

Тайванда 30 сағат бойы үйінділер астында жатқан 6 айлық сәби құтқарылды. Нәресте 17 қабатты ғимараттың қирандыларын аршу кезінде табылыпты. Қазір ол ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қыз баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Айта кеткен жөн, 6 ақпанға қараған түні аралда 4 балдық зілзала болған еді. Соңғы мәлімет бойынша табиғи апаттан 35 адам ажал құшқан. Жараланғандардың саны жарты мыңнан асады. Тағы 110 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жер сілкінісінен әсіресе Тайнань қаласы қатты зардап шегіпті. Мұнда орталық аудандарда бірнеше көпқабатты ғимарат қираған. Уильям Лай, Тайнань қаласының мэрі: - Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізге көмектесуге Тайванның түрлі аудандарынан әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен еріктілер келіп жатыр. Жалпы зілзала кезінде қираған 17 қабатты тұрғын үй кешені 1990 жылдардың ортасында салынған екен. Онда шамамен 250 адам тұрып жатыпты. Алдын ала мәлімет бойынша ғимаратты тұрғызу кезінде сапасыз материалдар қолданылған. Сондай-ақ құрылыс ережелері де өрескел бұзылған көрінеді. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

ТУҒАН АУЫЛЫН ЖАҢАРТТЫ

Қытайдағы беделді кәсіпкер Сюн Шуихуа өзінің туған ауылындағы барлық үйлер мен жолдарды бұздырып, оның  орнына кең де заманауи тұрғын үй кешенін салды.

Жаңа үйлер осы ауылда тұратын әр отбасыға арналды. Игілік жолында кәсіпкер

 6 миллион доллар қаражатын жұмсаған.

54 жасқа келген миллионер Сюн Шуихуа өзінің өсу жолында демеу болған ауылын ұмытпайтындығын, туған елі алдындағы парызын адал атқаратынын осылай дәлелдеді.

Кәсіпкер сонымен қатар табысы төмен ауыл тұрғындары мен қарт кісілерге күн сайын үш мезгіл ыстық тамақ беруді де жолға қойған.

0 пікір
Мұрағат