Шартарап: Майк Тайсонның 52 бөлмелі зәулім сарайы қарттар үйіне айналады
Шартарап: Майк Тайсонның 52 бөлмелі зәулім сарайы қарттар үйіне айналады
8 жыл бұрын 4047

Атақты спортшының 52 бөлмелі зәулім үйін медициналық компания сатып алды. Енді боксшының бұрынғы үйі қарттар тұратын баспанаға айналады.  Жалпы ат шаптырым аумақтан бой көтерген «зәулім сарай» деп атауға тұрарлық үйді бастапқыда Тайсоннан рэп орындаушы 50 Cent алты миллион долларға сатып алған екен. Енді рэпер оны компанияға 8 миллионға сатып жіберіпті, деп хабарлайды «Лайф Ньюс».

Жапония көшелерінде робот-таксилер қызмет көрсетуге шықты

Олар Канагава префектурасындағы Фудзисава қаласында сынақтан өтіп жатыр. Бұл тәжірибені іске асыру үшін тұрғындар смартфон қосымшасын пайдаланып, такси шақыра алады. Ол үшін жолаушылар баратын жерлерінің мекенжайын анық көрсетулері керек. Ал өздігінен жүретін такси діттеген жеріне кешікпей келеді екен. Өйткені оларда жүретін бағыттарының қашықтығы есептелген. Құлтемірді құрастырушылар сынақ кезінде сақтық үшін жүргізушіні рөлге отырғызыпты. Бірақ көлік оның басқаруынсыз жұмыс істеген. Көлікте камера мен қадағалаушы құрылғы да бар. Ал жолдағы қозғалыс бойынша ақпарат қашықтықтан бақылаушы навигатор арқыл  көлікке келіп түседі. Такси барлық мәліметті сараптап, өздігінен шешім қабылдайды. Робот-таксидің толық қызметі 4 жылдан кейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Олар Токиода өтетін олимпиада ойындарында спортшылар мен туристерге қызмет көрсетпек. 

 

0 пікір
Мұрағат