Шартарап: Көлікпен бірге суға батып бара жатқан әйел мен бала құтқарылды (видео)
Шартарап: Көлікпен бірге суға батып бара жатқан әйел мен бала құтқарылды (видео)
8 жыл бұрын 3212

Амстердамда кетіп бара жатқан төрт адам автобильмен бірге каналға құлап кеткен әйел мен оның баласын құтқарып қалды. Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алып, желіге салған екен. Тұрақта тұрған көлік аяқ астынан суға қарай сырғанай жөнелген. Әйел адам тоқтатпақ болады, алайда көліктің тежегіші істемей қалады. Абырой болғанда төрт құтқарушы көмекке келеді. Олар басында автоның терезелерін таспен ұрып, сындырмақ болады. Алайда ол әрекеттері жүзеге аспай қалады. Одан кейін құтқарушылардың біреуі өзінің көлігінен балға алып шығып, оның көмегімен суға батып бара жатқан көліктің ішінен әйел мен оның кішкентай қызын соңғы сәтте құтқарып қалады. Бірнеше секунд өткеннен соң автомобиль суға кетеді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Қытайда жабайы піл 15 автокөлікті таптап тастады (видео)

Юньнань провинциясында қорықтан қашып кеткен Чжусунья  есімді піл 20 минут ішінде туристердің автокөліктерін таптап тастады. Барлығы 15 көлік бүлінген. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды. Бұдан кейін ол қорыққа қайтып барып, тамақ іздеген. Полиция қызметкерлері жақын жердегі жолдардың барлығын жауып тастаған. Ал сақтандыру компаниялары көліктерді қарап, иелеріне өтемақы төлейтін болды.

 

АҚШ-та алапат өрт теміржол көпірін күлге айналдырды (видео)

АҚШ-та алапат өрт теміржол көпірін жойып жіберді. Төтенше оқиға Жаңа Орлеан штатында болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған өрт сөндірушімен бірге қайықтар мен тікұшақтар да тартылды. Олардың арпалысы бірнеше сағатқа созылған. Апат аймағындағы көлік қозғалысы толық тоқтатылған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Күлге айналған көпір арқылы күніне 2 жолаушылар пойызы мен 8 жүк артатын отарба өтіпті.

0 пікір
Мұрағат