Шартарап: 8-сынып оқушылары үш құдық қазып берді
Шартарап: 8-сынып оқушылары үш құдық қазып берді
8 жыл бұрын 2475 inform.kz lifenews.ru ihsan.kz

Түркияның Дерия білім құрылымының 8-сынып оқушылары өздерінің күнделікті ішіп-жеміне берілетін ақшаларын жинап, Аракандағы мұсылмандарға құдық қазып, су шығарып беруге жиналған қаржыны Дениз Фенері ұйымына табыстады. Ұйым бұл қаржыға 3 құдық қазылатынын мәлімдеді. Осылайша 8-сынып оқушылары өздерінің ғана қамын ойламай, өздерінен жырып, Аракандағы ауызсуға қол жеткізе алмай отырған мұсылмандардың да жағдайын бір жарылқап тастады. Мектеп директоры Гөксал Аслан «бұл жобаны дәстүрлі түрде жалғастыра береміз» дейді.

9 жастағы қыз АҚШ әскери-теңіз күштері курсының дайындығынан өтті (ВИДЕО)

 

Небәрі тоғыз жастағы қыз АҚШ әскери-теңіз күштері курсының дайындығынан өтті. Флоридада тұратын Мила Биццотто  АҚШ әскери-теңіз күштерінің  дене жаттығуына арналған  24 сағаттық тест тапсыруға қатысушылардың  ең жасы болды. 9 жастағы қыз 60 шақырымға дейінгі қашықтыққа жүгірді, 8 шақырымға жүзді, 25 кедергіден өтті, оның ішінде тік қабырға, тікенек сымдар бар. Бұл бәсекеге дайындалу барысында Мила  аптасына бес күн үш сағаттан жаттықты.

Ставропольде ұшақ күре жолға қонуға мәжбүр болды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Ставропольде жеңіл моторлы ұшақтың автомобильмен қатар жүріп бара жатқан видеосы пайда болды. Мұны пайдаланғандардың айтуларынша, әуе судносы жолға амал жоқ, машинаны қағып кете жаздап  қонуына тура келген. Біршама уақыт трассамен жүрген жеңіл моторлы ұшақ елді мекенге қарай тартылған жолға бұрылып кетті. 

0 пікір
Мұрағат