Сауда соғысынан ең алдымен қандай елдердің экономикасы зардап шегеді
|
Тарих көрсетіп бергендей, сауда соғысында жеңімпаз болмайды. "Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің" керін келтіріп, әсіресе, дамушы елдердің онсыз да шатқаяқтап тұрған экономикасы екі алып держава арасындағы сауда соғысынан алдымен зиян шегеді. Сауда және тариф бойынша әлемдік басты келісім 1947 жылы қолданысқа енді. Осыған байланысты әлемдегі қолданыста жүрген тарифтердің орташа құны 85%-ға дейін төмендеген еді. Сауда - экономикалық интеграцияның жүзеге асуына септігін тигізетін басты құрал. Ғаламдық сауда-саттықтағы кедергілер мен тосқауылдарды жою үшін жан-жақты келісе отырып, тарифтерді төмендетудің маңызы зор. Бұған қоса, технологиялық жетістіктер де сауда-саттықты жандандырып, 1960-шы жылдардан бастап, сауда-саттық көрсеткіші әлемдік жалпы ішкі өнімге шаққанда 60%-ға дейін жетті. Сауда-саттық әлем бойынша экономикалық өсуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, үй шаруашылығының табысын арттыруға ықпал етті. Жиырма жыл ішінде бір миллиард адам кедейлік қамытынан құтылды. Десе де UNCTAD бас хатшысы Мухиса Китуи Project Syndicate ақпарат көзіндегі мақаласында сауда-саттық барлығына бірдей тиімді бола бермейтінін алға тартыпты. Кей жағдайда бұл қоршаған ортаның дегредациясына, экономикалық жағымсыз өзгерістерге алып келген.
UNCTAD бас хатшысы Мухиса Китуи