|
Сауд Арабиясы қажылықты уақытша тоқтатты
|
Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа байланысты Меккеге қажылық жасау және Мединадағы Пайғамбар мешітіне бару үшін елге кіруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы мәлімдеме королдіктің Сыртқы істер министрлігінің Twitter парақшасында жарияланды. «Ұмра (кіші қажылық) мақсатымен елге кіру және Пайғамбар мешітіне бару уақытша тоқтатылды», — делінген хабарламада. Сауд Арабиясы сонымен бірге коронавирустың таралуы жағынан қауіпті елдерден келетіндерге туристік визалар беруді уақытша тоқтатады. Бұл жайында jasqazaq.kz ақпарат көзі 24kz порталына сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді