Қытайдың Африкадағы жобалары
Қытайдың Африкадағы жобалары
6 жыл бұрын 3105 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Себастиан ле Белзик (Sébastien Le Belzic) есімді тілші жуырда Le Monde ақпарат көзінде жарық көрген мақаласында Қытай билігінің өздерінің экономикалық мүддесі үшін жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алып отырған климаттық өзгерістерге қатысты екіжүзді саясатын сынға алыпты. Нақты мәліметтер келтіре отырып. Африка құрлығындағылардың жартысы электрге қол жеткізе алмай отыр. Бұрын да хабарлағанымыздай, Қытайдың тарихи жібек жолын жаңғыртуды желеу етіп, талай елдердің стратегиялық маңызы зор нысандарын өзіне қаратып алғаны секілді Африкада да экономикалық экспанциясын жүргізуде. Мәселен, Сахара шөлінің оңтүстігіндегі ауылдық жерлерде тұратындардың 63%-ы әлі күнге электр иглігінін көрген емес. Ол ол ма, аталмыш құрлықта электр қуаты Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда үш есе қымбат. Индустрияландыруды кезеңіне аяқ басқанына көп уақыт өте қоймағандықтан. Электр қуатының тапшылығынан Африкадағы экономикалық өсім жылына 2-4 пайыз кенжелеп қалуда. Ал аталған құрлық электр қуатымен толық қамтамасыз етілсе, экономикалық өсім жыл сайын 10-15%-ға артып отырады. 15 жыл бойы. Сарапшылардың есебінше.

Қытай Африкадағы электр энергиясын өндіруге қатысьы жаңа жобалардың көп бөлігін қаржыландырып отыр. 2014-2017дылдар аралығында қытай банктері мен қаржы мекемелері бұл құрлықтағы энергетикалық жобаларға жыл сайын орташа есеппен алғанда 5 млрд доллар инвестиция құйып отырады. Инвестиция мөлшері "Бір белдеу - бір жол" жаһандық жобасы аясында қолға алынған инфрақұрылым жетілген сайын артып келеді. Әлбетте, бұл ғаламдық жобаны электр қуатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Десе де Қытай тарапы қымбатқа түсетін "жасыл" жобалардан гөрі қазба отын түрлерін пайдалануда. Ослайша қоршаған ортаға орасан залал келтіруде. Өзінің көмірін, өзінің технологиясын тықпалап жатыр. Қытай әлемде экологиялық жобаларға молынан инвестиция құйып отырған ел. Соған қарамастан ірі мегаполистерінің ауасы әлемдегі ең лас елдер санатынан. Қытай экономикасы бірыңғайда әлі күнге көмірге тәуелді. Десе де Қытай күн, жел, гидроэнергетика, т.б. энергиясын өндіруге аса қомақты қаржы құйып отырған ел. Қытай аумағынан тысқары жердегі көмір электр стансаларының төрттен бірі қытайларға тиесілі. Көмір өндіруден көш бастап тұрған Қытай өз елінде ауаның шектен тыс ластануынан жасыл, жаңғыртпалы энергияға басымдық бергенімен сол көмірін Африкада пайдалануда.

Энергетика экономикасы және қаржылық талдау институтының (Institute for Energy Economics and Financial Analysis) соңғы баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, Қытай билігі жалпы қуаты 30 гигаватқа жететін көмір электр стансаларының қызметіне 21 млрд-тан аса қаржы бөлген. Оңтүстік Африкада, Зимбабведе, Кенияда, Танзанияда, Ганада және Мадагаскарда қытайлар тұрғызып жатқан электр стансалырың үштен екісі қоршаған ортаға аса қауіпті. Кениядағы, Ганадағы және Кот-д'Ивуардегі барлық жылу электр стансалары Қытай есебінен тұрғызылып жатыр. Ал Оңтүстік Африка республикасы мен Зимбабведегі электр энергиясын өндірудегі қытай үлесі 75 %-ға жеткен. Таяуда Оңтүстік Африка республикасындағы Қытай банктері мен қаржы мекемелері Кусиле (Kusile) және Медупи (Medupi) аса ірі екі көмір электр стансаларының құрылысына 4 млрд доллар бөлген.

Сөз орайы келгенде мынаны айта кету керек: Африка энергияның төрттен үшін қазба отын түрлерінен өндіреді. Ескерте кетейік, 2009 жылы Қытай халық республикасының премьер-министрі Бэн Цзябао "Африка үшін жүз таза электр стансасы" жоспарын жүзеге асыратынын мәлімдегенімен шындап келгенде мұның бәрі әлем қауымдастығын алдаудан басқа түк болмай шықты. Тағы бір айта кететіні, Африкадағы Қытай ойыншыларының көбісі - мемлекеттік субьектілер: State Grid Corporation of China, State Power Investment Corporation, Huadian Corporation, т.б. Жекеменшік компания болса, бір сәрі, өз пайдасы үшін дүниені топан су алса да оған бәрібір. Қытай билігінің таза энергия өндіруді көздейді деген мемлекеттік корпорацияларының Африкадағы жыртқыштық әрекеті Қытай билігінің екіжүзділігін әйгілейді. 

0 пікір
Мұрағат