|
Қытай соңғы үлгідегі соққы беруші дронын көрсетті (видео)
|
Осыдан бір ай бұрын әскери шолушылар спутниктен таспаға тартылған GJ-11 соққы беруші дронын тамсана жазған еді. Қытай билігі алғаш рет бірегей дрон туралы ақпаратты жұртшылық назарына ресми ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы twz.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың халықты азат ету әскері GJ-11 дронының ресми атауы – «Құпия айдаһар» екенін мәлімдеді. Бұрынғы атауы – «Өткір қылыш» болатын. Құрастырылуына табаны күректей он жыл кеткен осынау ұшқышсыз ұшу аппараты жер бетіндегі жау нысанасына соққы бере алады әрі барлаумен айналысып, мәлімет жинайды. Болашақта қосымша қызметтерді де атқарады – әуеде ұрыс жүргізетін болады әрі радиоэлектрлі кедергілермен күреседі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді