Қытай демографиялық саясатты түбегейлі өзгертпек
Қытай демографиялық саясатты түбегейлі өзгертпек
4 жыл бұрын 2554 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі елдегі демографиялық саясатты түбегейлі өзгертпек, дәлірегі, 2025 ылға қарай бала санына қатысты шектеуді қолданыстан мүлдем алып тастауды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігі мұндай қадамға ел экономикасының дамуы кенжелеп қалғандықтан, ең бастысы – халық құрамының өзгеруі (қарттар қарасы көбейіп келеді. Бұл тенденция ел экономикасына салмақ салады) себеп болып отыр. Бүгінде туу көрсеткіші, әсіресе, провинцияларда күрт құлдырап кеткен. Бала санына қатысты шектеу ең алдымен ауылдық жерлерде қолданыстан алынады. Қазіргі уақытта Қытай аумағында 1,4 млрд адам тұрып жатыр. 1979-2015 жылдар аралығында Қытай билігі «Бір отбасы – бір бала» демографиялық саясатын жүргізген еді. 2016 жылдан бастап бір отбасына екі балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді. 2020 жылы туу көрсеткіші антирекорд орнатты. Осыған байланысты таяуда бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етіп отыр. Еңбекке жарамды, яғни, экономиканы көтеруге атсалысатын 16-59 жас аралығындағы тұрғындар қарасы бір жылдың ішінде 890 мың адамға кеміп кеткен. Бұған қоса, ел бюджетіне ауыр салмақ салатын қарттар қарасы жылдан жылға көбейіп келеді.

Ұқсас материалдар:

«Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-otbasyna-ush-balaga-deiin-duniege-akeluge-ruqsat-etildi-15299/#gsc.tab=0);

"Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат