|
Қырғызстан туристер баруға міндетті 12 елдің қатарына енген
|
Британдық "The Independent" мерзімді басылымы Қырғызстанды әрбір саяхатшы баруға тиісті 12 елдің қатарына енгізді. Бұл рейтингті әйгілі саяхатшы Гуннар Гарфорс жасаған. 40 жастағы азамат әлемнің шамамен барлық елдерінде болған. Гарфорс ең қатты ұнаған елді атауға қиналады, бірақ, ол әрбір саяхаттаушы баруға тиісті 12 елдің атын атай алады. Саяхаттаушының пікірінше, Қырғызстанның табиғаты сұлу, халқы — қонақжай, ал базарларынан барлық нәрсені табуға болады. Еске салайық, 2015 жылы тағы бір британдық "The Telegraph" газеті Қырғызстанды саяхатшылар баруға тиісті 12 елдің қатарына қосқан еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді