Қоршаған ортаны ең ластаушы ел планетаны құтқару процесін тездетті
Қоршаған ортаны ең ластаушы ел планетаны құтқару процесін тездетті
3 жыл бұрын 1505 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Carlos Barria / Reuters

Қытай билігі жасыл энергияға көшу процесін тездетуге кірісті, бұл мақсатта жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жаңғыртпалы энергия көздерінен алынатын электр қуаты 2020 жылы 28 пайызды құраса, бұл көрсеткішкті 2025 жылы 33 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бес жылдық даму жоспары бойынша. 2025 жылға қарай Қытайдың жалпы жасыл энергия тұтынуы шамамен бір миллиард тонна көмір эквивалентіне жетеді. Жер шарын климаттың өзгеруінен құтқару үшін ел жалпы энергия тұтынудағы қазбалы емес отынның үлесін 20 пайызға дейін арттыруды мақсат етіп отыр (2020 жылы ол 15,4 пайызды құрады). Климат белсенділері парниктік газдардың атмосфераға бөліну мөлшерінің жалпы төмендеуіне ықпал ететін тұтынушылыққа арнайы шектеулер қояды деп үміттеніп отыр. Әзірге ресми мақсат қойылған жоқ, бірақ, жаңғыртпалы энергия көрсеткіштері 2025 жылға қарай бастапқы энергияның жалпы тұтыну деңгейі бес миллиард тонна көмір эквивалентіне жетеді, деп болжайды. Бұл тараптағы деректер, сонымен қатар, жаңғыртылатын көздер 2021-2025 жылдардағы энергия тұтынудың жалпы өсімінің жартысын құрайтынын көрсететінін айта кетпекпіз, десе де Қытай билігі энергетикалық қауіпсіздік үшін дәстүрлі қазба отын электр стансаларын салу мүмкіндігінен бас тартпайды. Қытай билігі жаһандық жылынудың негізгі себебі болып отырған парниктік газдарды атмосфераға бөлу көрсетіші бойынша көшбасшы болып саналады әлемде. Атмосфераға жағымсыз әсерді азайту үшін ел 2030 жылға қарай күн және жел электр стансаларының қуатын 1200 гигаваттқа дейін арттыруға міндеттеме алды. Олар өз мақсаттарына негізінен пайдаланылмайтын жерлерге, соның ішінде адам аяғы баса бермейтін өңірлерге күн батареялары мен жел қондырғыларын орнату арқылы жетпек. 

Ұқсас материалдар:

«Қытайдың бір ғана корпорациясының зияны күллі Пәкістанның зиянынан асып түседі» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-bir-gana-korporatsiyasynyn-ziyany-kulli-pakistannyn-ziyanynan-asyp-tusedi-15936/#gsc.tab=0);

«Қытай әлемге қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-alemge-qauip-tondirip-tur-15600/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынуға кінәлі елдер аталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynuga-kinali-elder-ataldy-15854/#gsc.tab=0);

«Қытай амалдың жоқтығынан геотермалды энергияға көшеді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qytai-amaldyn-joqtygynan-geotermaldy-energiyaga-koshedi-8907/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат