Қолынан іс келетін тәжіктер енді оқымай-ақ диплом ала алады
Қолынан іс келетін тәжіктер енді оқымай-ақ диплом ала алады
8 жыл бұрын 2581 Baq.kz

Жұмысшы мамандықты өздігінен игеріп алған Тәжікстан азаматтары кәсіби білімі туралы құжатты оқу орнына бармай-ақ ала алады. Бұл туралы Avesta сайты хабар таратты.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, мұндай мүмкіндікті мемлекет Мәжілісінің төменгі палатасы қабылдаған «Ересектерге білім беру туралы» заң беріп отыр.

«Аталмыш заң республикамыз бен оның сыртында мыңдаған азаматтарымыздың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді», - деді Тәжікстан Парламенті Білім және ғылым комитеті төрағасының орынбасары Нурулло Окилзода.

Осы орайда парламент төменгі палатасының төрағасы Шукурджон Зухуров тәжік еңбек мигранттарының 70 пайыздан астамында кәсіби біліктілігін дәлелдейтін арнайы құжаты жоқ екенін атап өтті. Десе де олардың басым көпшілігі құрылысшы, автослесарь, шаштараз және басқа да мамандықтардың иесі болып жүр.

Aталған ақпарат көзінің мәліметтерінше, қазірде елде бес миллионға жуық еңбекке жарамды азамат бар. Алайда, оның тек жартысы ғана жұмыспен қамтылған.

0 пікір
Мұрағат