Қала билігі тұрғындарды бір-бірімен амандасуға мәжбүрлейтін болады
Қала билігі тұрғындарды бір-бірімен амандасуға мәжбүрлейтін болады
6 ай бұрын 945 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швецияның айлақты қаласының билігі тұрғындарды бір-бірімен амандасып жүруге мәжбүрлейді. Бұл жайында islam.kz порталы Associated France Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Швецияның солтүстігіндегі 80 мыңға тарта тұрғыны бар Лулео қаласында амандасуды насихаттайтын әлеуметтік науқан басталды. Әлеуметтік желіде сәлем бергенде күлімсіреген қала тұрғыны бейнеленген видео таралуда. Бейнебаянда «Көршімен амандасу – ұсақ тірлік болып көрінгенімен зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сәлемдесу әлеуметтік байланысты нығайтып, денсаулыққа оң әсерін тигізеді» деп айтылған. Аталған қала поляр шеңберінен 150 шақырым қашық жатқан, яғни, полярлық "белдеуге" барынша жақын елді-мекен. Күндізгі жарық желтоқсан айында бар-жоғы үш сағатқа ғана созылады. Осыған байланысты жергілікті халық күйзеліске жиі бой алдырып, жалғыздықтан жапа шегеді.

0 пікір
Мұрағат