Португалияда баламалы энергия өндірісі тұтыну деңгейінен едәуір артып кетті
Португалияда баламалы энергия өндірісі тұтыну деңгейінен едәуір артып кетті
6 ай бұрын 625 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Португалияда 149 сағат бойы жаңғыртпалы энергия көзінен алынған электр қуаты ел тұрғындарының тұтыну деңгейінен көп асып, бұл салада үлкен жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде euro-pulse ақпарат көзіне жөн сілтеген Forbes.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алты күннен асатын мерзімде жаңғыртпалы энергия көздері (күн фермалары мен жел турбиналары) сағатына 1102 гигаватт энергия өндірген. Бұл ретте нақты энергия тұтыну 262 гигаватт-сағатты құрады. Осылайша, Португалия 131 сағатқа созылған 2019 жылғы өзінің рекордын жаңартты. Еуропа елдерінде жаңғыртпалы энергияны пайдалану Еуропалық Одаққа 2030 жылға қарай атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін 55%-ға дейін қысқартуға, сондай-ақ, 2050 жылға қарай парниктік газдардан ада аймаққа айналу мақсатына жетуге көмектеседі. Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, осы жазда ЕО аумағындағы күн энергиясы рекордтық деңгейге жеткен – жалпы өндірілген энергияның 14%-ы осы баламалы энергия көздерінен алынған.

 

0 пікір
Мұрағат