|
Пәкістанның ислами банк жүйесіне толық көшетін уақыты айтылды
|
Пәкістанның банк секторының үштен біріне жуығы қазіргі уақытта ислами банкинг принциптері бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта аталған ел аумағындағы барлық банк мекемелеріне шаққанда ислами банктың үлесі 7,3%-дан аспайды. Аталған елдің ислами банкинг жүйесіне көшуі өз кезегінде Пәкістанды халықаралық серіктес қаржысының даму орталығына айналдырады. Пәкістан билігі алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін ел конституциясына енгізілген түзетулер батыстық үлгідегі кәдімгі банктердің шариғат талаптары қатаң сақталатын ислами жүйеге 2029 жылы толық көшуіне мүмкіндік бермек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады